Қасым-Жомарт Тоқаевтың биылғы Жолдауының ерекшелігі – оның әлеуметтік бағытта болуы. Мемлекет басшысы Қазақстан азаматтарының едәуір бөлігінің өміріне әсер ететін бірқатар бастамаларды атап өтті.

Бірінші бастама аясында ең төменгі жалақы мөлшерін 42500 теңгеден 60000 теңгеге дейін ұлғайту ұсынылды. Ең төменгі жалақы, бұл – кез келген жұмыс істейтін қазақстандыққа, оның еңбегі үшін мүмкін болатын, мемлекет тарапынан әлеуметтік кепілі. Сонымен қатар мемлекет тарапынан еңбекақы төлеудің төменгі деңгейін белгілеу және барлық жұмыс берушілердің бұл талапты орындауын бақылау жұмысшылардың еңбекке ақы төлеудің конституциялық құқығын қорғауға, сондай-ақ адал емес жұмыс берушілердің қызметкерлердің еңбегін тиісті төлемсіз пайдалану ниеттерінің болдырмауға арналған. Ең төменгі жалақының өсуі Қазақстанның ішкі тұтыну көлемін ұлғайтады және ІЖӨ өсуіне ықпал етеді.
Екінші және үшінші бастамалар аясында Мемлекет басшысы бизнесті өз қызметкерлерінің жалақысын өсіруге ынталандырудың «ұтымды» шараларын әзірлеуді, сондай-ақ бизнеске жиынтық жүктемені 34%-дан 25%-ға дейін төмендете отырып, еңбекақы төлеу қорынан бірыңғай төлем енгізуді тапсырды. Айта кету керек, қазіргі уақытта қазақстандық бизнес өз қызметкерлері үшін ай сайын бес төлем төлеуге міндетті, олар әрбір жалақының 34%-ын құрайды. Атап айтқанда, төлемдер тізіміне жеке табыс салығы, зейнетақы жарнасы, әлеуметтік салық, Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорына жарна, әлеуметтік медициналық сақтандыру қорына аударымдар кіреді. Өз кезегінде, Қазақстан Президентінің еңбекақы төлеу қорынан жүктемені азайту жөніндегі ұсынысы жұмыс берушілердің «көлеңкеден шығуына» ықпал ететін болады. Сонымен бірге, барлық төлемдерді бірыңғай төлемге біріктіру қажетті аударымдарды жүзеге асыру бойынша міндетті айтарлықтай жеңілдетеді.
Төртінші бастама аясында Мемлекет басшысы азаматтық қызметшілердің жалақысын жүйелі түрде арттыруды тапсырды. Айта кету керек, Қазақстанда барлығы 1,2 млн-ға жуық азаматтық қызметші бар. Оның ішінде 600 мың, бұл – педагогтер, дәрігерлер, әлеуметтік қызметкерлер санаты. Тағы 600 мыңға жуық адам – осы уақытқа дейін жалақы көтерілмеген барлық қызмет салаларына ортақ жұмысшылар. Айта кету керек, жол картасын жүзеге асыру аясында бүгінгі таңда педагогтердің орташа айлық жалақысы 234 мың теңгеге, дәрігерлердің 320 мың теңгесіне, әлеуметтік қызметкерлердің 180 мың теңгесіне, мемлекеттік қызметшілердің 267 мың теңгесіне жетті. Енді Президенттің тапсырмасына сәйкес, жалақыны көтеру мәдениет саласының қызметкерлеріне, мұрағатшыларға, кітапханашыларға, техникалық қызметкерлерге, қорықшыларға, жүргізушілерге және басқаларға да қатысты болады. Қызметкерлердің осы санаты үшін жалақының 2022 жылдан 2025 жылға дейін 20%-ға өсуі олардың қаржылық жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.
Бесінші бастама аясында Мемлекет басшысы тұрғын үй сатып алу бойынша халыққа жеңіл нұсқалар беру бағытындағы жұмысты жалғастыруды тапсырды. Атап айтқанда, халықтың тұрғын үй мәселесін шешу мақсатында кредит беру бағдарламасын күшейту жүргізіледі. Айта кету керек, «Отбасы банктің» жинақ механизмдері азаматтарды түпкі мақсатқа – тұрғын үй несиесін алу үшін депозитке үнемі жарналар аударуға ынталандырады. Кең мағынада, «Отбасы банк» жүйесі арқылы тұрғын үй несиесін беру тұрғындарға алдын ала жоспарлау мәдениетін қалыптастыруға мүмкіндік береді.
Жалпы, Мемлекет басшысының Жолдау барысында айтылған бастамаларын іске асыру экономиканың теңгерімді өсуін қамтамасыз етуге, адам капиталының деңгейін арттыруға, азаматтардың әл-ауқатын жақсартуға және алдағы кезеңде Қазақстанның жүйелі дамуы үшін басқа да маңызды мақсаттарға қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бүгінгі таңда ел Үкіметінің алдында Президенттің Жолдауын іске асыру бойынша қадамдық және егжей-тегжейлі іс-қимыл жоспарын жүзеге асыру міндеті тұр. Өз кезегінде Парламент және мәслихат депутаттары, сондай-ақ жұртшылық Жолдау тармақтарының орындалуын бақылауды жүзеге асыру қажет.
Слямжар АХМЕТЖАРОВ,
Президент жанындағы ҚСЗИ әлеуметтік-саяси зерттеулер бөлімінің аға ғылыми қызметкері
«Tiji» және «Nickelodeon» қазақша сөйлейді
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Жүген ұстап қалмасақ жарар еді...
Аймақтар • Кеше
Өзбек дзюдошыларының деңгейі жоғары
Спорт • Кеше
Су қоймаларындағы балық қоры көбейеді
Экология • Кеше
Аймақтар • Кеше
Кіндігін таспен кескен тас тағдырлы тұлға
Тарих • Кеше
Қазақстан • Кеше
Театр музейінің тамаша табыстары
Театр • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Қоғам • Кеше
Сағат Әшімбаевтың өмірлік концепциясы
Әдебиет • Кеше
Орфандық аурулар: Дәрі-дәрмек жеткілікті ме?
Медицина • Кеше
1,5 млн бала сауықтыру лагерьлерінде демалады
Білім • Кеше
Руханият • Кеше
Салғырттық танытпауға шақырады
Қоғам • Кеше
Еңбек адамы қорғаусыз қалмайды
Қоғам • Кеше
Қантқа жұмыссыздықтың да қатысы бар
Қоғам • Кеше
Елді жаңарту мен жаңғырту кепілі
Референдум-2022 • Кеше
Аймақтар • Кеше
Саяси науқанға саналы түрде атсалысу міндет
Референдум-2022 • Кеше
Өзгерістердің мән-жайы түсіндірілді
Референдум-2022 • Кеше
Ақпараттандырудың тиімді тәсілдері қолданылады
Референдум-2022 • Кеше
Өңірдің жолы – әкім жұмысының айнасы
Үкімет • Кеше
Алтын қазушылар табиғатты бүлдіріп жатыр
Экология • Кеше
Экономика • Кеше
Референдумды халықтың 76 пайызы қолдайды
Референдум-2022 • Кеше
Референдум – қоғамдағы ең басты тақырып
Қоғам • Кеше
Pfizer екпесінің 500 мыңнан астам дозасы сатып алынады
Медицина • Кеше
Еліміздің 13 өңірінде ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Түркістанның 318 тұрғынын кене шаққан
Қоғам • Кеше
Алматы зообағы қонжықпен толықты
Экология • Кеше
Каспий теңізіне қызғылт-сары белгісіз сұйықтық төгілген
Аймақтар • Кеше
Ұқсас жаңалықтар