30 Қаңтар, 2014

Виктор Янукович сырқаттанып қалған көрінеді

299 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

30 01 - Yanukovich

Украина президенті Виктор Янукович еңбекке жарамсыздық туралы парақша алды. Бұл туралы ИТАР-ТАСС хабарлады.

«Қызуы көтеріліп, тыныс алу мүшесінің зақымдануына байланысты президентке еңбекке жарамсыздық туралы парақша ашылды», – деп мәлімдеді медициналық сұрақтар бойынша мемлекеттік басқарма басшысының орынбасары Александр Орда.

Бұдан бұрын Виктор Янукович Жоғарғы Радада өткен аймақтық партиялар фракциясы отырысына қатысқан болатын. Бұл жиында депутаттар акцияға қатысқандарға рақымшылық жариялау туралы заңды қарастырды.

Аймақтық партияның, Компартияның және фракциядан тыс депутаттардың қолдауымен Аймақтық партия фракциясының депутаты Юрий Мирошниченко ұсынған заң қабылданды.

Айдар Өрісбаев.

Дереккөз: Itar-tass.com

Фото: Directpress.ru