Әлем • 17 Қыркүйек, 2021

Аргентинада мыңдаған адам ереуілге шықты

325 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Аргентинаның Буэнос-Айрес қаласында мыңдаған адам кедейлік пен жұмыссыздыққа наразылық танытып, ереуілге шықты, деп жазады Egemen.kz.

Аргентинада мыңдаған адам ереуілге шықты

Жиналған жұрт биліктен жұмыс орындарын ашуды сұрады. Сонымен қатар әлеуметтік көмек көрсету бағдарламаларын қолға алып, қоғамдық жұмыс пен асханаларда тегін тамақтандыруды талап етті.

«Хабар 24» хабарлауынша, елде жүмыссыздар саны 10,2 процентке артқан. Ал ел тұрғындарының 42 проценті кедейлікте күн кешеді. Аймақтағы инфляция деңгейі де өсіп барады.

Айта кетейік, соңғы жылдары коронавирус пандемиясы елдің жағдайын әлсіретіп жіберді.

«Аргентинада халықтың тең жартысы  кедейшілікте өмір сүреді. Өмір бойы еңбек еткен зейнеткерлер күнін көре алмай отыр. Елде орташа жалақы 400 АҚШ долларын құрайды. Қарапайым халық үшін бұл жұқ та болмайды. Аш құрсақ жүргендердің қатары күн өткен сайын артып барады. Біз кедейліктің шегінде тұрмыз», деді Эдуардо Беллибони жұмысшылар ұйымының басшысы Поло Обреро.