Тағайындау • 17 Қыркүйек, 2021

Есеп комитетінің экс-мүшесі жаңа лауазымға тағайындалды

306 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Есеп комитетінің экс-мүшесі Талғат Жақан ҚР Президенті іс басқармасында «Материалдық-техникалық қамтамасыз ету басқармасы» ММ басшысы қызметіне тағайындалды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Есеп комитетінің экс-мүшесі жаңа лауазымға тағайындалды

Еске салайық, 9 қыркүйекте Сенат депутаттары Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі Талғат Жақанның өкілеттігін тоқтатты. Талғат Амангелдіұлы Жақанның басқа жұмысқа ауысуы туралы өзі өтініш берген.

Талғат Жақан 2007 жылғы шілдеден қазан айына дейін ҚР Сыртқы істер министрінің кеңесшісі болды;

2007 жылдың қазанынан 2010 жылға дейін - ҚР Парламенті Сенаты аппарат жетекшісінің орынбасары;

2010 жылдан 2012 жылдың ақпанына дейін - ҚР Премьер-министрі кеңсесінің Макроэкономикалық талдау және бағдарламалар мониторингі бөлімінің меңгерушісі;

2012 жылдың наурызынан қазанына дейін - ҚР Премьер-министрінің кеңесшісі;

2012 жылдың қазанынан 2014 жылдың шілдесіне дейін - ҚР Президенті әкімшілігінің Мемлекеттік бақылау және ұйымдастыру-аумақтық жұмыстар бөлімінің мемлекеттік инспекторы;

2014 жылдың шілдесінен 2016 жылдың қыркүйегіне дейін - ТМД Атқару комитетінің қаржы департаментінің директоры (Мәскеу);

2016 жылдың 16 қыркүйегінен 2021 жылдың қыркүйегіне дейін - Республикалық бюджеттің атқарылуын бақылау жөніндегі есеп комитетінің мүшесі.