Елорда • 17 Қыркүйек, 2021

Нұр-Сұлтанда үй карантинін бұзғандардың тізімі жарияланды

147 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елорда әкімдігінің ресми сайты үй карантинін бұзғандардың тізімін жариялады, деп жазады Egemen.kz.

 

Нұр-Сұлтанда үй карантинін бұзғандардың тізімі жарияланды

Карантинді бұзушылар «Ashyq» жобасы бойынша жұмыс істейтін сауда-ойын-сауық орталықтарында, қоғамдық тамақтану объектілерінде және халыққа қызмет көрсету орталықтарында анықталды.

Соған сәйкес, ӘҚБтК-нің 425-бабының 1-бөлігі бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылып, 87 510тг (30 АЕК) көлемінде айыппұл салынған.

«Бұл азаматтар өзін-өзі оқшаулау режимін саналы түрде бұзғанын және сол арқылы басқа адамдардың қоғамдық денсаулығына қауіп төндіретінін ескертеміз», деп жазады қала әкімінің сайты.