Тәуелсіздік • 17 Қыркүйек, 2021

JaiyqFilmFest фестивалі өтуде

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Орал қаласы әкімдігінің ұй­ым­дастыруымен Тә­уел­сіздіктің 30 жылдығы ая­­сын­да және дәстүрлі «Қа­ла күні» мерекесіне орай JaiyqFilmFest халық­аралық қыс­қаметражды және деректі фильм­дер кинофестивалі өтуде.

JaiyqFilmFest фестивалі өтуде
 

Дарынды авторларды, режиссерлер мен актерлерді, сондай-ақ үздік фильмдерді анықтауды мақсат еткен жоба аясында тәжірибе алмасу үшін шеберлік сағаттары өткізіліп жатыр.

Фестивальдың ашылу салтана­тында адамның ашкөз­дігі, қаты­гездігі мен ерекше өмірі суреттел­ген Ерлан Нұр­мұхамбетовтің «Ко­нокрады. Уақыт жолдары» филь­мінің тұсаукесері және жа­бық көр­сетілімі ұсынылды. Фильм­нің басты кейіпкері – Канн ки­нофестивалінің лауреаты Самал Еслямова. Фестивальда Алтынай Нөгербек, Ерлан Нұрмұхамбет, Жеңісхан Момышев және қазылар алқасының төрайымы Меруерт Өтекешова төрелік етуде.

Сондай-ақ қазіргі қазақ кино­сының өкілдері шақырылған. Айта кетейік, кинофестивальға өтінім беру 10 қыркүйекте аяқ­талаған еді. Жалпы саны 101 өтінім келіп түссе, оның 31-і екінші кезеңге өтті. Додада Қырғызстан, Өзбекстан, Бела­руссия, Украина, т.б. 10-нан ас­там өзге мемлекеттің кинолары бақ сы­нап жатыр.