Тағайындау • 17 Қыркүйек, 2021

ҚР Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы тағайындалды

693 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ардақ Темірханұлы Зебешев ҚР Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы болып тағайындалды, деп жазады Egemen.kz СІМ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

ҚР Сыртқы істер министрлігі Инвестиция комитетінің төрағасы тағайындалды

​​1981 жылы Оңтүстік Қазақстан облысында дүниеге келген. 2003 жылы М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетін «Халықаралық қатынастар» мамандығы бойынша бітірген, ал 2006 жылы Қазтұтынуодағы Қарағанды экономикалық университетін «Экономика» мамандығы бойынша тәмамдаған.

2014 жылы «Болашақ» халықаралық бағдарламасы бойынша King's College London «Мемлекеттік басқару» мамандығы бойынша магистр дәрежесін, сондай-ақ Ұлыбританиядағы Warwick Business School «бизнес-әкімшілендіру» бойынша магистр дәрежесін алды.

Еңбек жолын 2003 жылы Шымкент қаласы әкімінің Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау басқармасы ұйымдастыру-кадрлық және талдау жұмысы басқармасының бас маманы лауазымынан бастаған. Әр жылдары ҚР Ауыл шаруашылығы министрлігінде, ҚР Өзбекстан Республикасындағы Елшілігінде, сондай-ақ ҚР Премьер-Министрінің Кеңсесінде жұмыс істеді. 2016-2018 жылдары «Самұрық-Қазына «ҰӘҚ» АҚ Басқарма төрағасы хатшылығының басшысы қызметін атқарды. 2018-2019 жылдары Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі орынбасарының, ауыл шаруашылығы министрінің кеңесшісі.

2019 жылғы сәуірден бастап 2020 жылғы наурызға дейін ҚР СІМ Инвестициялар комитетінің инвестициялық жобаларды сүйемелдеу және іске асыру басқармасының басшысы лауазымын атқарды. 2020 жылғы наурыздан бастап қазіргі уақытқа дейін ҚР СІМ Инвестиция комитеті төрағасының орынбасары болды. 15 жылдан астам мемлекеттік қызмет өтілі бар.