«Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті Дәулет Арғындықов елдегі жұмысшылары ең төмен айлық алатын салаларды атады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Аталмыш орталық мамандары БАҚ өкілдеріне «Қазақстанның еңбек нарығы: жаңа жағдайдағы даму» атты тұңғыш ұлттық баяндамасын дайындаған болатын. ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің қолдауымен дайындалған баяндамада әлемнің соның ішінде Қазақстанның еңбек нарығында болып жатқан трендтер мен тәуекелдерге талдау жасалған.
«Жасанды интеллект енгізудің арқасында дамыған елдерде алдағы 15 жылда жұмыс күші өнімділігі 40%-ға дейінгі өсуі мүмкін. Ал Қазақстанда жұмыс орындарының 52%-ы, Экономикалық ынтамақтастық және даму ұйымының елдерінде орташа есеппен 47%-ы автоматтандырудың жоғары немесе елеулі тəуекеліне ұшырайды», деді Дәулет Арғындықов.
Ол бұл құбылысты ХХ ғасырдың басында өнеркәсіп революциясымен салыстырып, мұндай тәуекелдердің артында жаңа мүмкіндіктер тұратынын еске салды.
«Яғни, технологиялар ескіріп, бір мамандықтарды жойғанымен, орнына жаңа мамандықтар пайда болады. Бірақ ол жұмыс орындарында әлдеқайда қабілеті жоғары адамдар қажет болады. Бұл көп адамға қазіргі біліктіліктерін қайта қарап, сұранысқа ие жаңа кәсіптерді игеру керек деген сөз. Әсіресе когнитивтік, əлеуметтік-мінез-құлық жəне сандық дағдылар бірінші орынға шығады», деген орталық басшысы «адамдар өмір бойы оқып өтетін заман келе жатыр» деген аңыздың бүгіне шындыққа айналғанын атап өтті.
«Еңбектеген бала кезінен еңкейген қартқа айналғанша қабілетін жаңартып, оқып отырмаса, адамдар еңбек жолында дами алмайтын кезең туып келеді. Бұл істе онлайн оқытудың маңызы артады.
Еңбек ресурстарын дамыту орталығы шілде айында «Электронды еңбек биржасының» базасында қашықтан оқыту платформасын іске қосқан. Бүгінде ол платформада 70 курс бар. Оның 42-сі ақысыз, 28-і ақылы», деді ол.
Дәулет Арғындықов жұмысшыларына ең төмен айлық беріп отырған салаларды да атады.
«Ең төмен айлық еңбек өнімділігі төмен салаларда тіркеліп отыр. Бұл: ауыл шаруашылығы, сауда, тамақтандыру және қонақүй қызметі. Бұл салалар тартылған инвестиция көлемі бойынша да артта. Соның салдарынан технология мен адам капиталының дамуы баяу», деді «Еңбек ресурстарын дамыту орталығы» АҚ президенті.
«Жаңа Қазақстан – Екінші Республика»: Жастар жарқын өмірді қалайды
Қазақстан • Кеше
Теңіз жайлы болса, жануарлар неге тұншығады?
Экология • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Азық-түлік инфляциясы қашанғы құбыла береді?
Экономика • Кеше
Қайта оралған инвестордан қайыр бар ма?
Қаржы • Кеше
Экономика • Кеше
Референдум-2022 • Кеше
Ассамблея жастары реформаны қолдайды
Референдум-2022 • Кеше
Конституциялық бақылау институты: Заң үстемдігінің кепілі
Референдум-2022 • Кеше
Күйзелген әйелдер демеу күтеді
Қоғам • Кеше
Әлеуметтік қорғау ма, әлде қорлау ма?
Қоғам • Кеше
Медицина • Кеше
Саналы ұрпақ тәрбиесін жетілдіру жолдары
Қоғам • Кеше
«Бұл қазақта жігіттер бар шың тектес»
Қазақстан • Кеше
Ұлт ұстазына бөкейліктердің құрметі
Ахмет Байтұрсынұлы • Кеше
Аймақтар • Кеше
Аймақтар • Кеше
Өнер • Кеше
Өнер • Кеше
Елдің атын намысты ұландар шығарады
Спорт • Кеше
Кәсіпкерлер өзекті мәселелерді қозғады
Бизнес • Кеше
Аймақтар • Кеше
Қазақстан мен Ресей стратегиялық серіктестікті нығайтуға дайын
Қазақстан • Кеше
Қазақстандық таеквондошылар Францияда топ жарды
Спорт • Кеше
Елордадағы ҚТЖ ғимаратындағылар эвакуацияланды
Елорда • Кеше
Қарқаралы мектебіне заманауи биология кабинеті сыйға тартылды
Аймақтар • Кеше
Қытайда омикрон штамының жұқпалы түрі анықталды
Коронавирус • Кеше
Түркологтың телегей еңбегі ескерілді
Руханият • Кеше
12 аймақта ауа райына байланысты ескерту жарияланды
Ауа райы • Кеше
Пикассо картинасы 67,5 млн долларға бағаланды
Өнер • Кеше
Саяси партия құру тәртібі жеңілдейді
Саясат • Кеше
Конституциялық сотқа жүгіну мүмкіндіктері кеңейеді
Қоғам • Кеше
Қазақстандық мамандар халықаралық дәрежедегі төреші атағын иеленді
Қазақстан • Кеше
Алматыда «Атакент» маңында өрт шықты
Оқиға • Кеше
Ұқсас жаңалықтар