Спорт • 17 Қыркүйек, 2021

Қазақстандық боксшылар қомақты жүлдеге таласады

458 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

24 қазан мен 6 қараша аралығында Белградта әуесқойлар арасында бокстан әлем чемпионаты өтеді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстандық боксшылар қомақты жүлдеге таласады

«Бұл планетарлық біріншіліктің алдыңғы біріншіліктен басты айырмашылығы - жүлдегерлер айтарлықтай ақшалай сыйақы алады. Өз тарихында алғаш рет AIBA (Халықаралық бокс федерациясы) бірінші орын үшін боксшыны 100 000 АҚШ доллары сомасымен марапаттайды», деп хабарлады aiba.com.

Күміс жүлдегер 50 мың АҚШ долларын, ал қола жүлдегерлер 25 мың АҚШ долларын алады. Әлем чемпионатының жалпы жүлде қоры 2 600 000 АҚШ долларын құрады.

«Бұл ақша AIBA топ-турнирінде орын алу үшін қажет жылдар мен күш-жігерді ескере отырып, лайықты. Бұл біздің боксшылар үшін үлкен артықшылық болатынын білеміз. Олар рингте сәтті болып қана қоймай, өзін-өзі қамтамасыз етіп, өркендеуі керек», деді AIBA президенті Омар Кремлев.