Әлем • 17 Қыркүйек, 2021

Түркия Президенті Нью-Йоркте жаңа кітабын таныстырады

289 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркия Президенті Режеп Тайып Ердоған БҰҰ Бас Ассамблеясы аясында кездесетін елдердің басшыларына өзінің Daha Adil Dünya Mümkün атты жаңа кітабын ұсынады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Түркия Президенті Нью-Йоркте жаңа кітабын таныстырады

Түрік басшысы БҰҰ Бас Ассамблеясы мен басқа да бірқатар шараларға қатысу үшін 19 қыркүйекте Нью-Йоркке аттанады. 

Ердоған БҰҰ шеңберінде кездесетін әлем көшбасшыларына ағылшын тіліне аударылған кітабын ұсынбақ. 

Ағылшын тілінен басқа түрік басшысының кітабы араб және француз тілдеріне аударылған.

Кітапта Президент Түркияның бүкіл адамзатқа әділеттілікті қамтамасыз етудегі күш-жігерін егжей-тегжейлі сипаттайды.