Футбол • 17 Қыркүйек, 2021

Футбол: Бельгия құрамасы ең үздік атанды

404 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Халықаралық футбол федерациясы әлемнің үздік құрамаларының жаңа рейтингісін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Футбол: Бельгия құрамасы ең үздік атанды

Футбол державаларының классификациясын 1832,33 ұпайы бар Бельгия командасы басқарды. Әрі қарай бес дүркін Әлем чемпиондары – бразилиялықтар (1811,73). Англия құрамасы (1755,44) қазіргі әлем чемпиондары – француздардың (1754,31) үшінші қатарынан шықты.

Еуропа чемпиондары 2020 - итальяндықтар (1735,73) алғашқы бестікті жапты.

Әлемдік рейтингтің топ-10 қатарына Аргентина, Португалия, Испания, Мексика және Дания кірді.

ТМД елдерінің ішінде Украина командасы 27-ші орынға көтерілсе, Қазақстан құрамасы 120-шы орында тұрақтады. Бұл екі ай бұрынғыға қарағанда 4 позицияға жоғары.