Әлем • 17 Қыркүйек, 2021

Енді коронавирусты итпен анықтайды

279 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Біріккен Араб Әмірліктері (БАӘ) әуежайларында коронавирус жұқтырғандар ит көмегімен іздестіріледі, деп хабарлайды Egemen.kz.

Енді коронавирусты итпен анықтайды

Қазіргі уақытта БАӘ әуежайларында 38 иісшіл ит жұмыс істейді, олар инфекция жұқтырғандарды 98 пайыз анықтай алады.

Дубай полициясы COVID-19 жұқтырғаны расталған адамдардан алынған тер тамшыларын қолдана отырып, науқастарды иісі арқылы тануды неміс овчаркасы, лабрадор, кокер-спаниель және бордер-колли сияқты тұқымды иттерге үйреткен.

Ғалымдардың айтуынша, бұл әдістің дәлдігі 98 пайыздан асады. Дубайда жүргізілген зерттеуде иттердің анықтау қабілетін салыстыру үшін 3 290 адамның тер үлгілері мен ПТР-сынамасы қолданылған. Жаттығу бөлмесінде он ПТР-сынама нәтижесі қойылған. Иттер оларды иіскеп, тапқанын білдіру үшін жанына отырады.

Дубай полициясының лейтенанты Насер әл-Фаласи иттер қазір күн сайын шамамен 30-40 тексеру жүргізетінін мәлімдеді. Ол иттерді тек әуежайларда ғана емес, қажет жерде қолдануға болатынын айтты.