Аймақтар • 17 Қыркүйек, 2021

«Қызыл» мәртебесі бар 223 көкшетаулыққа айыппұл салынды

143 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Карантиндік талаптарды бұзған 223 көкшетаулыққа қатысты әкімшілік материалдар жасалып, жалпы сомасы 8 миллион теңгеге жуық айыппұл салынды, деп хабарлайды Egemen.kz.

«Қызыл» мәртебесі бар 223 көкшетаулыққа айыппұл салынды

Бизнес объектілерінде коронавирустық инфекцияның таралу қаупін азайту үшін 2021 жылғы 21 сәуірден бастап Ақмола облысында Ashyq пилоттық жобасы басталды.

Көкшетаудың бас мемлекеттік санитарлық дәрігері Қанат Ысқақовтың айтуынша, облыс орталығында 700-ден астам кәсіпкерлік нысаны бар.

«Жоба коронавирустық инфекциямен ауыратын науқастарды және үй карантині режимін бұзған адамдарды анықтау үшін тиімді. Бүгінгі таңда Ashyq қосымшасының көмегімен Көкшетауда үйден оқшаулау режимін сақтамаған 673 адамды анықтауға мүмкіндік туды, оның 533 «қызыл» және 140 «сары» мәртебесі бар», деп атап өтті Қ.Ысқақов.

Санитарлық дәрігердің айтуынша, 2021 жылдың 10 маусымынан бастап КВИ-мен ауыратын науқастар үшін оқшаулау режимін бұзғаны үшін Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 425 бабының 1-ші бөлігі бойынша әкімшілік жаза көзделген. Осы санкциясы бойынша жеке тұлғаларға 87510 теңге (30 АЕК) мөлшерінде әкімшілік айыппұл қарастырылған.

223 адамға қатысты әкімшілік материалдар толтырылып, жалпы сомасы 7 млн 934 мың 240 теңге айыппұл салынды.