Әлем • 18 Қыркүйек, 2021

Алжирдің экс-президенті қайтыс болды

201 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алжирдің бұрынғы президенті Абделазиз Бутефлика 84 жасында қайтыс болды. Ол бұл қызметтен екі жыл бұрын кеткен, деп жазады Egemen.kz.

Алжирдің экс-президенті қайтыс болды

Фото: Reuters

«Алжирдің бұрынғы президенті Абделазиз Бутефлика 84 жасында қайтыс болды», деп хабарлады ел президентінің кеңсесі.

Ол ұзақ уақыт ауырып кейін қайтыс болды.

Абделазиз Бутефлика 1999 жылы Алжир президенті болып сайланды. Ол уақытта басқа кандидаттар сайлау шарттарына наразылық білдіріп, үміткерліктен бас тартқан болатын. Осыдан кейін Бутефлика бірнеше рет қайта сайланды.

2013 жылы Президент инсульт алып, мүгедек арбасына таңылды. Содан бері көпшілік алдында сирек көрінді. Соңғы рет алжирліктер оны 2017 жылы ел астанасында метро станциясы мен мешіт ашқанда көрген.

2019 жылы Бутефлика қартайғанына және сырқатына, ұзақ уақыт шетелде емделуге мәжбүр болғанына қарамастан, бесінші рет сайлауға түспекші болды. Бұл жаппай наразылық тудырды. 2019 жылдың 2 сәуірінде армияның қысымымен отставкаға кетуге мәжбүр болды.

Бутефлика Президент кезінде 1990 жылдары елде қанды азаматтық соғыс жүргізген қарулы исламистермен келісімге қол жеткізді.

Ол отставкаға кеткеннен кейін жаңа билік наразыларды тыныштандыру үшін экс-президенттің айналасындағыларды сыбайлас жемқорлыққа қатысты тексере бастады.  Бірнеше серігі сотталды, оның ішінде бұрынғы Бутефликаның ағасы да бар.