Кездесуде тараптар Ресей Парламенті жоғарғы палатасының спикері Валентина Матвиенконың биылғы маусымда Қазақстан Республикасына ресми сапары кезінде келісілген уағдаластықтарды іске асыру барысын талқылады. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады.
Өткен келіссөздердің қорытындысы бойынша ҚР Парламенті Сенаты мен РФ Федерация Кеңесі арасындағы Ынтымақтастық жөніндегі комиссиясының бұрын болған отырыстарының хаттамасына қол қойылды.
Мемлекеттік Дума сайлауына ТМД ПАА халықаралық байқаушыларының үйлестірушісі ретінде Мәскеуде жүрген Сенат Төрағасының орынбасары сайлау алды іс-шаралар аясында Мемлекеттік Думаның вице-спикері Петр Толстоймен және Ресей Парламентінің төменгі палатасындағы «Единая Россия», «КПРФ», «ЛДПР», «Справедливая Россия - Патриоты - За правду» саяси партияларының жетекшілерімен бірқатар кездесу өткізді.