Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2021

Қара түтін ақтаулықтардың үрейін ұшырды

422 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Өңірлік төтенша жағдайлар департаменті жағдайға қатысты пікір білдірді, деп жазады Egemen.kz.

Қара түтін ақтаулықтардың үрейін ұшырды

Құтқарушылардың айтуынша, бүгін таңертең Ақтау маңындағы 4-индустриалды аймақтың өртеніп жатқаны туралы қоңырау түскен.

Келген өрт сөндірушілер ашық жерде көлік дөңгелектері жанып жатқанын анықтады.

Өрт аумағы 200 шаршы метрді құрады.

Өртті сөндіруге үш техника мен 13 жеке құрам жұмылдырылды.