Аймақтар • 18 Қыркүйек, 2021

Шымкентте жалпықалалық сенбілік өтті

1110 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шымкент қаласында 18 қыркүйек World clean up day Дүниежүзілік акциясына орай жыл сайынғы «Бірге таза Қазақстан!» экологиялық жобасы аясында жалпықалалық сенбілік өтті, деп жазады Egemen.kz.

Шымкентте жалпықалалық сенбілік өтті

Қала әкімінің бастамасымен қолға алынған тазалық шарасына мемлекеттік қызметшілер, кәсіпкерлер, тәртіп сақшылары, шахар тұрғындары мен еріктілер қатысты. Әр мекеме өзіне жүктелген аумақты қоқыстан тазалады.

1

Сенбілікке 12 мыңға жуық тұрғын қатысты. 100-ден аса арнайы техника жұмылдырылды. Барлығы 165 текше метр қоқыс қала сыртына шығарылды. Сонымен бірге ирригациялық арықтар тазаланып, демалыс орындарында сырлау жұмыстары жүргізілді.

2

Осы күні «Жасыл Ел» және «Студенттік құрылыс» жасақтарының маусымдық жобасының жабылу салтанаты өтті. Онда қала әкімінің бірінші орынбасары Ш.Мұқан белсенді жастарды марапаттады. Бұл жобада қала бойынша 1200-ге жуық жас қамтылған.

3

«Қала келбеті тек сәнді де сәулетті үйлермен, жасыл желекті саябақтармен өлшенбейді. Күн сайын көркейіп келе жатқан Шымкенттің ажары оның тазалығына да байланысты. Сондықтан әрбір қала тұрғыны үлес қосуы қажет. Бірге тазалық мәдениетін қалыптастырайық!», деп жазады Шымкент қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

4

5