Әлем • 18 Қыркүйек, 2021

Тағы бір ел карантин талаптарын жеңілдетті

338 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бельгияда 1 қазаннан бастап карантин талаптары жеңілдейді, деп жазады Egemen.kz.

Тағы бір ел карантин талаптарын жеңілдетті

Бельгияда ересектердің 84%-ітолық вакцина салдырған. Осылайша, ел егілгендер саны бойынша Еуроодақта алғашқы орынға шықты. Бұл туралы елдің премьер-министрі Александр Де Кро мәлімдеді.

Енді ел дүкендері мен қонақ үйлерінде бетперде кию талап етілмейді. Тек коронавирусқа қарсы вакцина алғаны туралы папорт өрсету жеткілікті. Сонымен қатар екпе салдырғандар, ПТР-тест тапсырғандар немесе жақында ғана КВИ-мен ауырғандар күндіз мейрамханаға еш қиындықсыз кіре алады. Алайда қоғамдық көлікте, медицина және қызмет көрсету мекемелерінде маска тағу міндетті болып қала береді.