Экономика • 18 Қыркүйек, 2021

Қазақстан ішкі қажеттілікті бидаймен толық қамтамасыз етеді - министр

189 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Роман Склярдың Павлодар облысына жұмыс сапарымен барды. Делегация құрамында болған ҚР Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев облыстағы егін жинау барысымен танысып, бірақатар ауыл шаруашылығы кәсіпорнын аралады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстан ішкі қажеттілікті бидаймен толық қамтамасыз етеді - министр

Ведомства басшысы жел генераторы жүйесінің жұмысымен танысты. Одан кейін тауарлы сүт фермасына, әлеуметтік нысандар мен ғылыми зертханаға,  облыстағы жылыжай мен көкөніс қоймаларына барып, шаруалармен кездесті.

Сондай-ақ, жұмыс сапары аясында Е.Қарашөкеев картоп, көкөніс және дәнді дақылдар өсірумен айналысатын «Тимур» шаруа қожалығының алқаптарын аралап көрді.

«Қазіргі уақытта елімізде 14,6 млн га дәнді және дәнді-бұршақты дақыл жиналды. Орташа өнімділік гектарына 9,3 центнерден айналды. Өткен жылдан қалған астықты қоса есептегенде, шамамен 18,8 млн тонна астық бар, оның 13,3 млн тоннасы бидай. Қазақстан ішкі қажеттілікті бидаймен толық қамтамасыз етеді», деді министр.

Ведомство басшысына жылыжай өнімдерін өндірудің қазіргі жағдайы мен одан әрі даму перспективалары ұсынылды.

«Инвестициялық субсидия бағдарламасы аясында жылыжай салуға кеткен шығындар өтеледі»,тдеп атап өтті Е.Қарашөкеев.

Вируссыз картоп тұқымын өсіруге арналған биозертхананың жұмысымен танысқан министр жалпы ауыл шаруашылығы жүйесінің тиімділігі дақылдарды өсіру мен мал шаруашылығын дамытудың ғылыми әдіс-тәсілдеріне негізделуі тиіс екенін атап өтті.