Тарих • 19 Қыркүйек, 2021

Бір ғасыр бұрынғы мешіт табылды

1064 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

БҚО-дағы археологиялық қазба жұмысы нәтижесінде мешіттің орны анықталды. Бұл туралы Батыс Қазақстан тарих және археология орталығының директоры Жантас Сафуллин әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп жазады Egemen.kz.

Бір ғасыр бұрынғы мешіт табылды

«Қабырғасы қызыл кірпіштен қаланған, қалыңдығы 80 см, сырты ақ кірпішпен қапталған, іші әдемі көмкерілген мешіт болғаны анық болды. Ақмешіттің медресесінде Әбубәкір (Кердері) Боранқұлұлы дәріс берген, Жұмағазы хазырет жұма намазын осында келіп оқыған деп айтылады. Хамза Есенжановтың «Ақ жайық төңкеріс үстінде» шығармасында «Жайықтың ішкі бетіндегі атақты мешіттің бірі» деп көрсеткен мешіт осы екеніне күмәнім жоқ. Бұнда сол өңірдің игі жақсылары тұрақты жиылатындығы жазылған. Жанында бала оқытатын екі медресе болғаны, балалар алдымен осында білім алатыны да айтылған. Шығармада үш жүздей үй бар делінген. Археолог Мұрат Қалменов екі жүздей үйдің орны байқалады дейді. Сонда бұл жер ауыл емес, қала деп айтуға келетін үлкен орталық болған. Үлкендердің айтуы бойынша бұл мешіт 1929 жылдары шамасында құлатылыпты», деп жазды ол.

1

Ол ендігі жұмыс осы қазба барысында ашылған мешіт орнын мал тапамайтын, жаңбыр мен қар жаумайтын етіп жабын жасау керек екенін айтты.

2