Әлем • 19 Қыркүйек, 2021

Ауғанстанда тағы жарылыс болып, екі тұрғын қаза тапты

292 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ауғанстанның Жалалабад қаласында тағы бір жарылыс болып, екі бейбіт тұрғын қаза тапты, деп жазады Egemen.kz.

Ауғанстанда тағы жарылыс болып, екі тұрғын қаза тапты

Фото: pixabay

«Жарылыс жексенбі күні таңертең автовокзал аймағында болды. Нәтижесінде екі бейбіт тұрғын қаза тапты. Радикалды «Талибан» қозғалысының бір өкілі жараланды», деп хабарлайды РИА Новости оқиға куәгеріне сілтеме жасап.

Бір күн бұрын Джалалабад пен Кабулда бірнеше жарылыс болғаны хабарланды. Al Jazeera телеарнасының хабарлауынша, жарылыстан кем дегенде жеті адам қаза тапты, 30-дан астамы жараланды, оның ішінде әйелдер мен балалар бар.

Тәліптер бұл оқиғаға «Ислам мемлекеті» содырларын кінәлады (бұл ұйымға Қазақстанда тыйым салынған). Олар сондай-ақ тергеу жұмысы басталғаны туралы хабарлады. Алайда жарылыстың жауапкершілігін ешкім өз мойнына алған жоқ.