Президент • 20 Қыркүйек, 2021

Болашаққа бағдар берген құжат

316 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Президенттің Жолдауы – мемлекет пен қоғам дамуының стратегиялық жоспары. Бұл құжаттан қоғамның әр мүшесі өзінің болашағына бағдар және міндеттеме алады.

Болашаққа бағдар берген құжат

Президенттің кезекті Жол­дауын қашанда қалың көп­ші­лік, оның ішінде кәсіподақ мүше­лері де асыға күтеді. Пре­зи­дент елі­міздің әлеуметтік дамуы, тұр­ғын­дарының табысы, жұмыс орын­дарының сақталуы, халықтың денсау­лығы мен өмірін сақтау жолын­дағы жұмыстар жөнінде ег­жей-тегжейлі тоқталып, бас­ты мәселелерге назар аударды. Жолдау еліміздің болашақ дамуы­мен ертеңгі күнге бетбұ­ры­сын айқындап берді. Ел дамуы мен халқымыздың өмі­рінде бір­шама жаңалықтың бола­тынын көр­сетті. Әсіресе, Жолдауда экономикамен қатар, мәдени, рухани дүниені де қатар көтеру қажеттігін атап өтілді.

Бүгінде барлық дүние, азық-тү­ліктен бастап, тұтыну зат­тарына дейін едәуір есе қым­баттап кетті. Бұл ха­лықтың жа­ны­на қатты батуда. Қазір күн­­көрісі төмен санатт­ағы­лар ғана емес, кәсіппен шұғыл­да­нып отыр­ғандар да қиналып отыр. Бұл мәселені де еңсеруде Жол­дауда нақты тапсырмалар берілді.

Жолдаудың орындалуы бізге не береді деген сұрақ­қа жауап іздесек, ол Прези­дент­тің 5 бастамасында ай­қын көрініп тұр. Олар, төменгі жалақының көтерілуі, салалық еңбекақылардың өсуі (бұл 600 мыңнан асатын адамды қамтиды). Сондай-ақ  тұрғын үй алу мен ауыл шаруашылығын дамыту, субсидия беру мәселе­лері анық көрсетілді.

Жолдауда балаларымыз­ды мамандық таңдауға, ғылым­д­ы, педагогика мен меди­ци­наны, энергетика мен ауыл шаруа­шылығын, ІТ-технологияларын білуге, оқуға бағыттау керектігі айтылды. Келешегің кемел болу үшін білім алу ауадай қажет болса, елімізге жаңашыл жас мамандар да сондай қажет.

 

Берік КӨПБАЙҰЛЫ,

«Қазақстандық салалық мәдениет, спорт, туризм және ақпарат қызметкерлерінің кәсіптік одағы» ҚБ

Нұр-Сұлтан қалалық филиалының қызметкері