Мемлекеттік саясаттағы ең басты капитал – адам екеніне көзі жеткен қоғам экономикалық және саяси жетілудің шыңынан көрінеді. Жолдауда атап көрсетіліп, Үкіметке тапсырма ретінде берілген – білім және денсаулық сақтау саласын жетілдіру, еңбекақыны көбейту, халық табысын арттыру, мемлекеттік қызмет көрсетулердің жақсаруы – міне, адам капиталын инвестициялауға жасалған осы шаралардың бәрі қазақстандықтардың өмір сапасының артуына кепіл болары сөзсіз. Осылардың бәрі Қазақстанда тұратын барлық этнос өкілдеріне де қатысты болатыны мені қуантады. Сонымен бірге Мемлекет басшысы Жолдауының орындалуы экономикалық тетіктермен бекітілгенін, нақты жоспарлардың белгіленгенін және орындалуын қадағалайтын қажетті бақылау жүйесімен астасқанын атап өтуге тиіспін.
Президенттің өз Жолдауында Қазақстан халқы Ассамблеясының жұмысына көңіл бөлгені, елдегі басты құндылық – бейбітшілік пен келісім екеніне жіті назар аударғаны да қуантады. Мұны біз жақсы түсінеміз. Президенттің Жолдауда көрсеткен барлық мақсаты орындалып, Қазақстан халқының табыспен өркендей беруіне тілектеспін.
Фарит АЮПОВ,
«Қазақстандық татар және башқұрттар конгресі» Республикалық қоғамдық бірлестігі Түркістан облысы бойынша филиалының төрағасы