Оқиға • 20 Қыркүйек, 2021

ШҚО-да пара алған 11 инспектор ұсталды

333 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Шығыс Қазақстан облысы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет көліктік бақылау инспекциясының 11 қызметкерінен тұратын қылмыстық топ қызметінің жолын кесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

ШҚО-да пара алған 11 инспектор ұсталды

Қылмыстық схеманы инспекция бөлімдерінің бірінің басшысы ұйымдастырған.

Аталған лауазымды тұлғалар өңірдегі жалпы қамқорлық пен кедергісіз жүріп-тұру үшін жүк тасымалдау саласындағы кәсіпкерлерден пара алған.

Пара сомасы 10 000-нан 50 000 теңгеге дейінгі аралықты құраған. Оны жүк көлігі жүргізушілері қол алысу кезінде Инспекция қызметкерлеріне беріп отырған.

Алынған паралардың күнделікті айналымы 150 мыңнан 500 мың теңгеге дейін барған.

Барлығы ақша аударымының 20-дан астам эпизодтары құжатталды.

4 адамға қатысты сот «қамауға алу» бұлтартпау шарасын таңдады, қалған лауазымды тұлғалар кінәсін толық мойындады және тергеумен белсенді ынтымақтастыққа келді.

Қазіргі уақытта Агенттік аталған қылмыстық схеманы жою және осыған ұқсас жемқорлық құқық бұзушылықтарын жасауға жол бермеу бойынша кешенді алдын алу жұмыстарын бастады.