Коронавирус • 20 Қыркүйек, 2021

Кәсіпорындарды тексеру басталды

105 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қостанайда кәсіпорын жұ­мысшыларының коро­новирусқа қарсы екпе ал­ған-алмағанын тексеру бас­талады. Тексеру рейд­терін өткізу алгоритмі КВИ-дің таралуына жол бер­­меу жө­ніндегі сала­ара­лық комиссия отырысында мақұлданды.

Кәсіпорындарды тексеру басталды

Қала әкімінің орынбасары Саят Шай­мұрыновтың ай­туын­ша, мони­торингтік топтар таяу күндері рейд шараларын бастайды. Қала әкімдігінің кәсіпкерлік бөлімі ұжымда вакцина қабылдағандардың үлесі 60%-ға жетпейтін кәсіпорындардың тізімін әзірлеп қойған. Мони­торингтік топ ең бірінші кезекте осы ұжымдарды тексереді.

– Қазірше тек короновирус инфекциясына қарсы вакцинаның бірінші компонентінің бар-жо­ғын тексереміз. Бізде жұмыс­шыларының саны 50-ден асатын кәсіпорындардың тізімі бар. Бұл тізімге енген нысандардағы ұжымның жартысынан көбі вакцинаның бірінші компонентін алмаған. Егу науқаны 1 қыркүйекке дейін аяқталуы тиіс еді. Бұл туралы республика көлемінде де жиі айтылды. Бірақ әлі де вакцина қабылдамағандар баршылық, – деді қала әкімінің орынбасары.

Мониторингтік топ тексеру барысында ешкімге айыппұл салмайды. Егер вакцина қабыл­дамағандар болса, оларға бұл адамзат баласының індетке қар­сы жасаған сақтық шарасы екенін түсіндіріп, бір-екі апта уақыт береді. Егер ұжым екінші қайтара тексерілгенде вакцина салдырмағандар тағы табылып жатса, кәсіпорын басшысына айыппұл салынады. Мониторинг топ өкілдерінің айтуынша, жұмыс берушілер кәсіпорынға келген тексерушілерге қарамағындағы жұмысшылардың толық тізі­мін ұстатуы тиіс. Бұл тізімде жұмысшының аты-жөні мен ЖСН-і, егілгені немесе егіл­ме­гені көрсетілуі керек. Сон­дай-ақ ек­пе­ден босатылған жұмыс­шы­лардың тиісті құжаттары да толық көрсетілуі шарт.

 

Қостанай облысы