Аталған тұлға «Фитосанитария» ШЖҚ РМК-ның 11 аумақтық филиалына жеткізілетін тауарларды қабылдау-беру актілеріне кедергісіз қол қойғаны және жалпы қамқорлығы үшін жеткізуші компаниялардың өкілінен айтарлықтай мөлшерде пара алғаны үшін айыпталуда.
Барлық ұсталған адамдар тергеумен ынтымақтастыққа келді және мойындау айғақтарын беруде.
Күдіктінің кінәсі туралы түпкілікті шешімді сот шығарады.
Өзге ақпарат тергеу мүддесінде жария етілмейді.