Әлем • 20 Қыркүйек, 2021

Қайтыс болған әйел бір сағаттан соң қайта тіріліп кетті

250 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

АҚШ-тың Мэриленд штатында таңғажайып оқиға орын алды. О дүниелік болған Кэти Паттен 45 минуттан соң әрі сегізінші немересі дүниеге келер алдында тіріліп кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қайтыс болған әйел бір сағаттан соң қайта тіріліп кетті

Бұл туралы Lenta.ru басылымы мәлім етті.

Кейуананың клиникалық өлім жағдайында болғаны баса айтылады.

Қызы Фифер босану үшін перзентханаға түседі. Әйел де асыға-үсіге оның артынан жетеді. Бірақ сегізінші немересін асыға күтіп отырған ол дәлізде құлайды. Сөйтсе әйел инфаркт алған болып шықты. Бірден оны жан сақтау бөліміне жатқызды, әйелдің жүрегі тоқтап, 45 минут бойы тіршілік белгісін бермеген, деп хабарлайды CBS Балтимор телеарнасы.

Бұл кезде Фифер кесарево отасына дайындалып қойған еді. Сегізінші рет әже болуы тиіс әйел осы ота алдында есін жиып, өмірге қайта оралды. Қайта тірілген науқас перзентханаға келіп, көп ұзамай Алора есімді жаңа туған немересін құшағына алды.

«Құдайға шүкір, ол маған екінші мүмкіндік берді. Енді мен мүмкіндігінше жақсы адам боламын», деді кейуана.