Оқиға • 20 Қыркүйек, 2021

Арман Бердалин қызметінен кетті

2026 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақмола облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасының бірінші орынбасары болып келген Арман Бердалин қызметінен кетті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Арман Бердалин қызметінен кетті

Бұл жайлы ол өзінің әлеуметтік желідегі парақшасында мәлімдеді.

Арман Тілектесұлы Бердалин 1983 жылы туған. 2004 жылы Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университетінің саясаттану факультетін саясаттанушы мамандығы бойынша бітірген.

Еңбек жолын 2001 жыл тілші болып бастаған ол мәдениет және өнер саласында қызмет етіп, бірнеше мекемелердің директоры болып қызмет еткен.

Кейінгі жылдары Ақмола облысы тілдерді дамыту департаментінің жетекшісі, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінде департамент директоры секілді жауапты қызмет атқарған.

Ал бүгін Ақмола облысы сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес басқармасының бірінші орынбасары қызметінен кетті.