Теннис • 20 Қыркүйек, 2021

Astana Open: Дмитрий Попко негізгі турнирге жолдама алды

145 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстандық Дмитрий Попко Astana Open ATP 250 турнирінің негізгі кезеңіне өтті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Astana Open: Дмитрий Попко негізгі турнирге жолдама алды

Әлемнің 188-ракеткасы іріктеу сайыстарының финалында дүниежүзілік рейтингте 243-орында тұрған тәжірибелі аустралиялық, 33 жастағы Мэттью Эбденмен күш сынасты.

Бірінші партияда аустралиялық теннисші басымдылық көрсетті – 6:3. Екінші және үшінші сетте Д.Попко өз шеберлігін таныта білді – 6:3, 6:4. 2 сағат 4 минутқа созылған тартысты бәсеке барысында қазақстандық спортшы 5 эйс жасап, 15 брейк-пойнттың үшеуін ғана пайдаланды. Қарсыласы 3 эйс, 2 брейктен аса алмады.

Осылайша Д.Попко Astana Open ATP 250 жарысында өнер көрсететін қазақстандықтар Александр Бублик, Михаил Кукушкин және Тимофей Скатовтың қатарына қосылды.

Сондай-ақ негізгі кезеңге өтуден Денис Евсеев те үмітті. Ол үшін бүгін іріктеу сайыстарының финалында аустралиялық Марк Полмансты ұтуы керек.

Т.Скатов бүгін тағы бір тісқаққан ойыншы, италиялық Андеас Сеппимен кортқа шығады.

 

 

Соңғы жаңалықтар

Робот ота жасады

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:25

Ең ұзын туннель

Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:10

Аққыздың аманатын арқалаған

Руханият • Бүгін, 08:07