Бүгін Астанада теннистен Қазақстан құрамасы Дэвис Кубогының 1/8 финалында Бельгия командасымен алғашқы кездесуін өткізді. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Бірінші күні кортқа Михаил Кукушкин мен Рубен Бемельманс шықты. Бұл кездесуде отандасымыз қарсыласын 6:4, 6:7(3), 6:2, 6:3 есебімен ұтты. Ертеңгі ойын Андрей Голубев пен Давид Гоффен арасында өтеді. Осыдан кейін Евгений Королев пен Денис Евсеев жұбы Оливье Рухос пен Киммер Коппеянсқа қарсы ойнайды.
Жексенбі күні Михаил Кукушкин мен Давид Гоффен, Андрей Голубев пен Рубен Бемельманс 1/8 финалдың соңғы нүктесін қояды.
Осы кездесуде ширек финалға шыққан команда анықталады.
Кездесулер Астанадағы «Дәулет» Ұлттық теннис орталығында өтіп жатыр.
Дастан Кенжалин.
Дереккөз: «Дәулет» ұлттық теннис орталығы.