Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2021

Ақсақалдың аманаты

327 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Түркістан қаласының тұрғыны Алиакбар Артықұлы «Әзірет Сұлтан» мемлекеттік тарихи-мәдени қорық музейіне бір қорап сыйлығын ала келіпті.

Ақсақалдың аманаты

Музей қорына 23 да­на діни сипаттағы көне қол­жазбалар мен тарихи кітаптарын, сондай-ақ Ясауи кесенесі бейнеленген жар­тығасырлық тари­хы бар кілемшені тарту еткен ақсақал ХІХ ғасырға тән құнды дүниелер ата-ба­­баларынан қалғанын және өзі білім алып жүрген ке­зеңде ұстаздары бергенін ай­тады.

Сондай-ақ Алиакбар Артықұлы тарихи деректері мол мұраларды қорық-музей қорына табыстап, бо­лашаққа аманаттауды жөн санағанын жеткізді. Ақ­­сақал табыс еткен жазба ескерткіштері қатарында Әлішер Науаидің еңбектері, Софы Аллаярдың «Мә­с­ләкул муттақин» (Та­қуа­лар жолы), «Мухтасар ал-уиқая», Мұхаммед (с.а.у.) пайғамбарымыздың ха­дис­тері туралы, «Далаил хайрият» (Жақсылық дә­лелдері), Ислам шарттары, Араб тілінің синтаксисі, «Фикһ» сынды кітаптар мен қолжазбалар бар. Музей директорының міндетін атқарушы Ерсін Ботабайұлы музей қорына тапсырылған баға жетпес құнды кітаптар үшін Алиакбар ақсақалға зор алғысын жеткізді.

 

Түркістан облысы