Экономика • 21 Қыркүйек, 2021

Қарашөкеев астық түсімі туралы болжамын айтты

369 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астық өндіруші елдерде бидай өндірісі төмендеуі мүмкін. Бұл туралы Үкімет отырысында Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев айтты, деп жазады Egemen.kz.

Қарашөкеев астық түсімі туралы болжамын айтты

«АҚШ Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Астық жөніндегі халықаралық кеңестің есебіне сәйкес, барлық негізгі астық өндіруші елдерде бидай өндірісінің төмендеуі күтілуде. Мәселен, Канадада бидай жинау өткен жылмен салыстырғанда - 34,5%, Ресейде - 15%, Америкада - 7% төмендеуі мүмкін. Астық жөніндегі халықаралық кеңестің бағалауынша, әлемде бидай өндіру көлемі 781,7 млн тоннаны құрайды», деді министр.

Министрдің мәлімдеуінше, биыл дәнді және майлы дақылдарды жинау алаңы 18,9 млн гектарды құрады. Облыс әкімдіктерінің дерегі бойынша, өнімділік гектарына 9,5 центнер болғанда (ц/га) дәнді және майлы дақылдардың болжамды жалпы түсімі шамамен 18 млн тоннаны құрайды.

«Бүгінгі күні шамамен 14,3 млн тонна дәнді-дақылдар және 200 млн тонна майлы дақыл жиналды. Ал барлық майлы дақылды жаппай жинау осы айда басталады», деді министр.