Әлем • 21 Қыркүйек, 2021

Жер бетіндегі ең қарт егіздер белгілі болды

431 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Жапонияда 107 жастағы әпкелі-сіңлілер әлемдегі ең қарт егіздер ретінде тіркеліп, Гиннестің рекордтар кітабына енді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Жер бетіндегі ең қарт егіздер белгілі болды

Бұл туралы BBC мәлімдеді.

Умено Сумияма мен Куме Кодама 1913 жылы Кагава перфектурасындағы Седо аралында дүниеге келген. Уменоның төрт баласы, ал Куменің үш баласы бар. Жақындарының айтуынша, екеуі де ұзақ өмір сүріп жатқанын мақтанышпен айтып отырады.

Қазір Умено мен Куме Жапонияның екі шетінде орналасқан қарттар үйінде өмір сүреді. Ал Гинестің рекордтар кітабына енгені жөніндегі сертификат коронавирус пандемиясы зиян келтіруі мүмкін деген қауіппен пошта арқылы жіберілді.

Жаңа рекорд жапон елінде жыл сайын атап өтілетін ұлттық мереке – үлкендерді құрметтеу күніне орайластырылды.

Умено Сумияма мен Коме Кодама өздерінің отандастары – әпкелі-сіңлілі Кин мен Жин 2000 жылы орнатқан рекордты (олар 107 жыл 175 күн бірге өмір сүрді) жаңартты. Кин 2000 жылдың қаңтарында қайтыс болса, Жин бір жылдан кейін 108 жасында өмірден өтті.

Жапон халқы әлемде өмір сүру ұзақтығы ең жоғарғы ел.

Гиннестің рекордтар кітабына сәйкес, қазір көзі тірі ең қарт әйел 118 жаста. Бұл атақ Фукока аралының тұрғыны Кане Танакаға тиесілі. Ал ең қарт ер адам – 1908 жылы дүниеге келген пуэрторикалық Эмилио Флорес Маркес, ол 112 жаста.

Жер бетінде бүгінге дейін өмір сүргендер арасында ең қарт адам атағы француз әйел Жанна Калманға тиесілі (122 жыл және 164 күн). Ерлер арасында бұл рекордты 116 жыл 54 күн өмір сүрген жапон Титецу Ватанабе жасаған.