Спорт • 21 Қыркүйек, 2021

Футзалдан әлем чемпионаты: 1/8 финалға кімдер шықты?

341 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футзалдан әлем чемпионаты 1/8 финалына шыққан құрамалар анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Футзалдан әлем чемпионаты: 1/8 финалға кімдер шықты?

Футзалдан әлем чемпионатының топтық кезеңінде 24 құрама сынға түсті. Әрбір топтан бірінші және екінші орынға ие болғандары 1/8 финалға тікелей жолдама алды. Олардың қатарына үшінші орындағы үздік көрсеткішке ие болған құрамалар қосылды.

Әлем чемпионатында Қазақстан А тобында Коста-Рикадан 6:1, Литвадан 3:0 есебімен басым түсті. Ал Венесуэламен 1:1 есебімен тең ойнап, бірінші орын алды. Енді олар 23 қыркүйекте 1/8 финалда Таиланд құрамасымен додаға түспек.

1/8 финалдағы өзге жұптар:

22 қыркүйек. Ресей - Вьетнам (Вильнюс)

22 қыркүйек. Венесуэла - Марокко (Каунас)

23 қыркүйек. Аргентина - Парагвай (Вильнюс)

23 қыркүйек. Бразилия - Жапония (Каунас)

24 қыркүйек Өзбекстан - Иран (Вильнюс)

24 қыркүйек. Португалия - Сербия (Каунас)

24 қыркүйек. Испания - Чехия (Вильнюс)

Әлем чемпионатының финалы 3 қазанға белгіленген.