Аймақтар • 21 Қыркүйек, 2021

COVID-19: Атырауда 30 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

96 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Бүгін «сары» аймаққа өткен Атырау облысында қауіпті вирусқа шалдығып, жағдайы нашарлаған 30 науқас жансақтау бөлімінде жатыр, деп хабарлайды Egemen.kz.

COVID-19: Атырауда 30 науқас жансақтау бөлімінде жатыр

Облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің мәліметіне сүйенсек, инфекциялық стационарларда 418 науқас емделіп жатыр.

«Қазір өңірдегі 2 352 төсек-орынға арналған инфекциялық стационарлардағы жүктеме 17,7% құрап отыр. Стационарлардағы 90 орындық жансақтау бөлімінде 30 пациент оқшауланған. Оның ішінде жағдайы өте ауыр 3 науқас өкпені жасанды желдету аппаратына қосылған. Бұл бөлімдегі жүктеменің үлесі – 33,3 пайыз», деп мәлім етті басқарманың баспасөз қызметінен.