Оқиға • 21 Қыркүйек, 2021

Жыл басынан бері 28 адамды пойыз қағып кеткен

331 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Биыл сегіз ай ішінде 53 адамды пойыз қағып, 28 адам мерт болған, деп хабарлайды Egemen.kz ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жыл басынан бері 28 адамды пойыз қағып кеткен

Мұндай қайғылы жағдайларға көбіне зардап шеккендердің өздері кінәлі болып жатады. Бірі құлаққаппен музыка тыңдап келе жатып байқамай қалса, бірі масаң күйде, енді бірі өзіне қол жұмсамақ болады. Тақап қалған пойыздың алдынан өтіп үлгеремін дейтіндер де бар.

«Күз басталысымен «Қазақстан темір жолы» АҚ алдын алу іс-шараларын күшейтті. Теміржол станцияларында, жолды жаппай рұқсатсыз кесіп өту орындарында көлік полициясы желілік бөлімшесі қызметкерлерінің қатысуымен рейдтер өткізіледі. Теміржолшылар теміржолға жақын орналасқан аудан тұрғындарына қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттілігі туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізуде», деп жазылған хабарламада.

Соңғы жаңалықтар

Оқырман ойы: Игі істің дәнекері

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:40

«Egemen Qazaqstan» қалашығы

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:35

«Етжеңді» жобасы қалай өмірге келді?

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:30

Халық аңсаған хаттар

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:25

Қара шаңырақтың қасиеті

Егемен Қазақстан • Бүгін, 09:20