Парламент • 21 Қыркүйек, 2021

Пойыздағы қауіпсіздікке қатысты заңнамаға түзетулер енгізіледі

404 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Жолаушылар пойыздарының жылжымалы құрамының соқтығысуына әкелген оқиғаларды тексеруді уәкілетті органның құзыретіне беру ұсынылады, деп хабарлайды Egemen.kz.

Пойыздағы қауіпсіздікке қатысты заңнамаға түзетулер енгізіледі

Бұл туралы Мәжілісте заңнамалық актілерге көлік мәселелері бойынша өзгерістер енгізу туралы заң жобасын таныстыру кезінде ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму вице-министрі Берік Камалиев айтты.

«Бірқатар түзету теміржол және су көлігіндегі қозғалыс қауіпсіздігін арттыруға бағытталған. Қазіргі уақытта теміржол көлігіндегі апаттар мен аварияларды тергеуді көлік саласындағы уәкілетті орган, ал оқиғалар мен көлік қақтығысын тасымалдау процесіне қатысушылардың өздері жүргізеді.

Адамдардың өмірі мен денсаулығының құндылығын ескере отырып, заң жобасы аясында жолаушылар пойыздарының жылжымалы құрамының түсуіне немесе соқтығысуына әкелген оқиғаларды тексеруді уәкілетті органның құзыретіне беру ұсынылады.

Сондай-ақ, уәкілетті органның құзыретіне Каспий теңізінің аумақтық суларында Қазақстан Республикасы Мемлекеттік туы астында жүзетін кемелерге қатысты болған авариялық жағдайларды тергеуді қосу ұсынылады», деді вице-министр заң жобасын таныстыру кезінде.