Қоғам • 21 Қыркүйек, 2021

Алматыда нан 75 теңге

529 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қалалық әкімдікте нан бағасы жөнінде айтылды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыда нан 75 теңге

Алматы қаласының кәсіпкерлік және инвестициялар басқармасы түсіндіргендей, нан бағасының желтоқсан айына дейін көтерілуі болжанбайды.

Бүгінгі таңда Алматыда нан бағасы бір бөлке үшін 75-тен 90 теңгеге дейін, бұл ел бойынша ең төмен бағалардың бірі.

«Бұл көрсеткіштерге әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша қабылданып жатқан шаралар есебінен қол жеткізілді. «Айналым» қарыздарын іске асыру шеңберінде «Ақсай «Нан-тоқаш комбинаты» ЖШС-не әлеуметтік нан өндіру үшін 23,8 мың тоннадан астам көлемде 1 млрд теңге сомасына, бір бөлке үшін 75 теңге деңгейінде белгіленген шекті босату бағасымен жеңілдікті қарыз берілді», деп хабарлады басқармадан.

Сонымен қатар, әкімдікте нан бағасының төмендігі қалай қамтамасыз етілетіні нақтыланды.

«Нанның төмен бағасын қамтамасыз ету «Ақсай «Нан-тоқаш комбинаты» ЖШС-мен жеңілдікті қарыз туралы шарт жасасуға байланысты, сондай-ақ «Ақсай» өнімдерін жеткізумен барлық сауда желілерін, 3000-нан астам «үй жанында» дүкенді және дистрибьюторлардың көмегімен ішінара азық-түлік базарларын қамту есебінен жүргізіледі. «Тоймарт» сауда желісінде 940 тонна нанды сөреде бекітілген бағамен сату - бір бөлке үшін 75 теңге», деп толықтырды әкімдік.