Елорда • 22 Қыркүйек, 2021

Нұр-Сұлтандағы Тұран даңғылында біржақты қозғалыс енгізілді

413 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Нұр-Сұлтан қаласының әкімдігі Полиция департаментімен бірлесіп Тұран даңғылының бойындағы жергілікті жол бойына бір жақты қозғалыс енгізді, деп хабарлайды Egemen.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Нұр-Сұлтандағы Тұран даңғылында біржақты қозғалыс енгізілді

Бір жақты қозғалыс Тұран даңғылының бойындағы жергілікті жол бойына енгізілді.

«Сарыарқа» СОО-дан Бөгенбай көшесіне дейін (Бөгенбай батыр даңғылымен шатастырмау керек).

Бұл шара өткізу қабілетін арттыру, кедергісіз өтуді қамтамасыз ету және қарсы көлік құралдарының жергілікті жол жүруде жүріп-тұруы кезінде жанжалды жағдайларды болдырмау үшін іске асырылады.

Жүргізушілерге сақ болуды және жол жүру ережелерін сақтауды сұраймыз.