Әлем • 22 Қыркүйек, 2021

Австралияда коала саны күрт азайған

636 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Австралияда кейінгі 3 жылда коала саны үштен бірге қысқарды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Австралияда коала саны күрт азайған

Оған құрғақшылық, орман өрті мен ағаштардың оталуы себеп. Әсіресе Жаңа Оңтүстік Уэльс штатындағы жағдай күрделі. Мұнда жануар саны 41 процентке азайған. Айта кеткен жөн, Австралияда 2019 жылдың аяғы мен 2020 жылдың басында алапат орман өрті болған еді. Соның салдарынан талай жануар қырылып қалды. Сол кезде 60 мың коала жарақат алған еді.

«Бізге коалаларды қорғап қалу үшін жаңа заң керек деп санаймын. Өйткені бұл жануар Австралияның нышаны саналады. Біз кәсіпорын иелеріне жерді пайдалану бойынша заңмен қатаң талаптар қоятын болсақ, бәрі дұрыс болар еді», дейді Австралияның коалалар қорының директоры Дебора Табарт.