Спорт • 22 Қыркүйек, 2021

Ең көп ақша алатын футболшы кім?

597 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Forbes журналы 2021 жылы ең көп ақша төленетін футболшыларының тізімін жариялады, деп хабарлайды Egemen.kz басылымның сайтына сілтеме жасап.

Ең көп ақша алатын футболшы кім?

Forbes журналының нұсқасы бойынша 2021 жылы ең көп ақша төленетін футболшыларының тізімін Англияның «Манчестер Юнайтед» футбол командасының португалиялық форварды Криштиану Роналду басқарды.

Оның жалпы табысы 125 млн долларды құраған, соның 70 миллионы – жалақы, қалған 55 миллион – жарнамалық келісімшарттар.

Роналду – «Алтын доптың» бес дүркін иегері, Чемпиондар лигасының бес дүркін жеңімпазы, Еуропа чемпионы, Ұлттар лигасының жеңімпазы. «Манчестер Юнайтед» құрамында ойнап жүріп, Англияның үш дүркін чемпионы атанды, Англия кубогы мен Чемпиондар лигасын да ұтқан.

Сондай-ақ Роналду ұлттық құрамалар тарихындағы үздік шабуылшы, Еуропа чемпионаттарының үздік шабуылшысы, Чемпиондар лигасы тарихында, әлемнің клубтық чемпионаты мен мадридтік «Реалдың» үздік шабуылшысы атанған.