Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің мәліметінше, вирус жұқтырған 71 оқушы офлайн форматта оқыған, ал қалған 77-сі оқу жылы басталмай науқастанған.
Қазір науқастармен байланыста болған 2176 оқушы 14 күндік карантинге жіберілген. Бүгінде облыстың 934 білім беру мекемесі Ashyq бағдарламасы бойынша жұмыс істейді.
Айта кететін жайт, бақылау басқармалары тарапынан оқу жылы қарсаңында білім ордалары қызметкерлерімен Zoom платформасы арқылы түсіндіру жұмыстары жүргізілген.