Әлем • 22 Қыркүйек, 2021

Түркия Қырым аннексиясын мойындамайды - Ердоған

180 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Анкара Украина аумағының тұтастығы сақталғанын қалайды, Ресейдің Қырымды аннексиялағанын мойындамайды. Бұл туралы Түркия Президенті Режеп Ердоған БҰҰ Бас ассамблеясының 76-сессиясында  мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Түркия Қырым аннексиясын мойындамайды - Ердоған

Орталық Азия жаңалықтар қызметінің жазуынша, бұның алдында Түркияның Сыртқы істер министрлігі Қырымдағы Мемлекеттік дума сайлауын мойындаудан бас тартқан.

«Сайлау нәтижесінің Анкара үшін заңдық күші жоқ, өйткені Түркия Украинаға тиесілі түбек Ресейге заңсыз қосылды деп есептейді», деп мәлімдеді түрік министрлігі.

Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песковтың мәлімдеуінше, Ресей Түркияның Қырымды мойындауға қатысты ұстанымын өзгертеді деп үміттенеді.

Ердоған Ресейдің Қырымды аннексиялауын ешқашан мойындамайтынын бұған дейін де бірнеше мәрте мәлімдеген.