Аймақтар • 22 Қыркүйек, 2021

Алматыға пойыздың төбесімен жетпек болған

560 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Ақтөбе тұрғыны діттеген жеріне жете алмады, оның саяхатына полиця қызметкерлері тосқауыл болды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алматыға пойыздың төбесімен жетпек болған

21 қыркүйек күні кешке Ақтөбенің 20 жастағы мас тұрғыны Қазақстанның оңтүстік астанасына тегін жетемін деген үмітпен тепловоздың төбесіне көтерілді. Көліктегі полиция департаментінің бастығы Оңал Бекиевтің айтуынша, бұл әрекет сәтсіз аяқталған.

«Ұсталған жігіт ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің үш бабы - қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз ететін ережелерді бұзу, темір жол көлігі құралдарын пайдалану ережелерін бұзу және қоғамдық орындарға мас күйінде келу бойынша бірден әкімшілік жауапкершілікке тартылды», деді көліктегі полиция департаментінің баспасөз қызметі.