Баршаға белгілі, Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің тарихы мен шежіресі, қол жеткен биігі – еркіндік аңсаған ұлы халық пен Елбасының ерен еңбегінің жемісі, зор жеңісі. Сындарлы жылдарда ғасырға бергісіз ғаламат белестерді бағындырдық. Дамудың даңғыл жолына түскен қуатты мемлекетіміз мұнымен тоқтамайды. Алда – асқаралы асулар мен айқын мақсаттар күтіп тұр. Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың «Қазақстан жолы – 2050: бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты Жолдауы осы ұлы мұрат жолында баянды болашаққа бағыт сілтеген бағдаршам десек, артық айтқандық емес.
Осы Жолдау арқылы тәуелсіз мемлекет ретінде қалыптасқан Қазақ елі өзінің 2050 жылға дейінгі даму стратегиясын айқындап алды. Бәсекелестікке қабілетті әлемдегі 50 елдің қатарына қосылуды мақсат еткен еліміз бұл межені бағындырып, енді әлемдегі ең дамыған озық 30 мемлекеттің қатарына қосылуға бағыт түзеді. Әрине, бұл жерде тәуелсіздік алған жылдардан бері жұмыстарында үлгілі дамудың өзіндік моделін қалыптастырып, жаңа сипат алып келе жатқан жергілікті өкілетті органдардың да қосып отырған үлесінің зор екендігі баршаға аян. Тәуелсіздікпен бірге толысып, билік буынымен берік, ел-жұртпен етене қызмет атқарып келе жатқан мәслихаттарға биыл 20 жыл толып отыр. Бұл тарих үшін қас-қағым сәт болуы мүмкін. Бірақ, өткен күндердің өлшемімен қарағанда, осы уақыт аралығында халық игілігі үшін қаншама қыруар тірлік атқарылғанын аңғару қиын емес. Тәуелсіздік жылдарында облысымызда жарқын жобалар жүзеге асты. Мыңдаған әлеуметтік нысандар пайдалануға берілді. Елді мекендерге ауызсу, газ құбырлары тартылуда. Жолдар жөнделіп, көшелер абаттандырылуда. Кәсіпкерлік көкжиегі кеңейіп, жұмыссыздық деңгейі төмендеді. Мұндай мысалдарды әр ауылдан кездестіруге болады. Міне, осындай оңды істердің бәрінде мәслихаттардың да өзіндік қолтаңбасы жатыр.
Біздің тәуелсіз еліміздегі алғашқы мәслихат сайлауы 1994 жылғы 7 наурызда өткізіліп, әр деңгейдегі мәслихаттар органдары өмірге енді. Өзінің қалыптасқан 20 жыл ішінде өкілеттіліктері мен біліктіліктері артқан жергілікті мәслихаттағы депутаттар корпусы – қоғамды одан әрі демократияландыруға, халық пен билік арасындағы байланысты нығайтуға, еліміздегі халықтың әл-ауқатын, тұрмыс жағдайын жақсартуға бағытталған экономикалық және саяси реформаларды жүзеге асыру барысында атқарылып жатқан жұмыстарда өз белсенділіктерін танытуда.
Төл тарихымыздың еншісіне алтын әріптермен жазылған сол бір 1994 жылдың 30 наурызында облыстық мәслихат-депутаттар жиналысының бірінші сессиясы өткен болатын. Бұл сайлаудың басты ерекшелігі – депутаттыққа өз кандидаттарын түрлі партиялар, қоғамдық құрылымдармен бірге жеке адамдардың өзін өзі ұсынуы болды. Демократияның шынайы көрінісі еді бұл. Облыстық мәслихат-депутаттар жиналысының хатшысы болып, ұзақ жылдар партия-кеңес органдарында, кейіннен облыстық деңгейде қызметтер атқарған Щорс Шарафутдинов сайланды.
Осы орайда өткен күндерге бір сәт шегініс жасаудың еш әбестігі болмас. Бірінші шақырылған облыстық мәслихат-депутаттар жиналысы (кейіннен облыстық мәслихат) 23 сессия өткізіп, онда жалпы саны 51 мәселе қарады. Ал, облыстық мәслихаттың екінші шақырылымының сайлауы 1999 жылдың 24 қазанында, ал оның бірінші сессиясы 25 қарашада өтті. Облыстық мәслихаттың хатшысы болып екінші рет депутат Щорс Шарафутдинов лайық деп танылды. Сонымен қатар, құрамы 7 депутаттан тұратын облыстық мәслихаттың тексеру комиссиясы құрылып, оның төрағалығына депутат Еркінбек Солтыбаев сайланды.
Облыстық мәслихаттың үшінші шақырылымы сайлауының 2003 жылғы 20 қыркүйекте өткені де көптің жадында. Бірінші сессияда бірауыздан облыстық мәслихаттың хатшысы болып депутат Әбдінұр Әсілбеков сайланды. Шақырылым кезеңінде мәслихат 25 сессия өткізіп, онда «Қазақстан Республикасындағы жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңына сәйкес, өз өкілеттігі шеңберінде жетпістен аса мәселе қарап, тиісті шешімдер қабылдады. Төртінші шақырылған облыстық мәслихаттың хатшылығына екінші рет депутат Ә.Әсілбековтің кандидатурасы таңдалды. Ал, депутат Е.Солтыбаев үшінші рет облыстық мәслихаттың тексеру комиссиясының төрағасы болып сайланды.
2007 жылы өткен төртінші шақырылған облыстық мәслихат сайлауына облыс бойынша 373309 сайлаушы қатысып, өз таңдауларын жасады. Оның 87,3 пайызы «Нұр Отан» партиясын жақтап дауыс берді. Өйткені, «Нұр Отан» өзінің партиялық бағдарламасының жаңа редакциясын, ойластырылған салиқалы да салмақты сайлауалды тұғырнамасын жасап, сайлауға асқан жауапкершілікпен келді.
Төртінші шақырылған облыстық мәслихат мерзімінен бұрын өкілеттігін тоқтатқанымен, осы кезеңнің өзінде депутаттардың ерекше белсенділік танытқанын атап өткен жөн.Төрт жылдан аз ғана астам уақыт ішінде 42 сессия өткізіп, онда облыстың экономикалық, мәдени-әлеуметтік, құқықтық рухани және саяси дамуына байланысты 100-ге тарта мәселе қаралды.
2012 жылғы 15 қаңтарда өткен Қазақстан Республикасының Парламенті мен барлық деңгейдегі мәслихаттар депутаттарын сайлау жөніндегі саяси додаға еліміздегі партиялардың бәрі қатысып, атсалысуы демократиялық дамудың жаңа сатысына қадам басқанын көрсетті. Партиялардың билікке ұмтылуы, мемлекет дамуындағы бәсекені көрсетті. Партиялардың қай деңгейде жұмыс атқарып жатқандығы осы сайлау барысында белгілі болды.
Облыстағы әрқилы деңгейдегі мәслихаттар бойынша 205 сайлау округінің барлығында да сайлау нәтижелі өтіп, саяси бәсекеде лайықты үміткерлердің бағы жанды.
Осы жылдар аралығында өздерінің ерен еңбегімен көзге түсіп, облыс тұрғындарының сеніміне ие болған, түйінді түйткілдердің тарқатылуына білек сыбана кірісетін депутаттар буыны қалыптасты. Олардың арасында Щ.Шарафутдинов, Ә.Әсілбеков, Е.Солтыбаев, С.Ақшалов, С.Сарғасқаев, А.Майлыбаев, Х.Базаралиев, Г.Қасымов, А.Шлегель, В.Сергеев, С.Сейдазимов, Г.Орынбаева, С.Қалманбетов, О.Телеуов сынды депутаттардың есімін айрықша атауға болады.
Бүгінде бесінші шақырылған облыстық мәслихат өз өкілеттігі шеңберінде өңірдегі өркенді істердің одан әрі өрістеуіне лайықты үлесін қосып келеді. 2012-2013 жылдар аралығында мәслихат 21 сессия өткізіп, онда облысымыздың дамуына байланысты 254 мәселені зерделеп, тиісті шешімдер шығарды.
Елбасымыз Тараз қаласында өткізген оңтүстік аумақаралық жиында халықтың ортақ қазынасы – бюджеттік қаражаттың пайдалануына бақылауды күшейту, бюджетті бақылаушы органдардың жауапкершілігін арттыру жөнінде жергілікті өзін өзі басқару органдарының алдына нақты міндеттер жүктеп, Орталықта осы саланы қадағалайтын арнайы мемлекеттік комиссия құрылатынын ескерткені белгілі.
Осыған байланысты назар аударатын мәселе, ол мәслихаттың экономика, қаржы, бюджет және өзін өзі басқаруды дамыту жөніндегі тұрақты комиссияның құрамын 12-15 депутатқа дейін жеткізіп, оның төрағасынан бастап барлық мүшелерін жоғарыдағы арнайы жалақы тағайындалған депутаттардан жасақтап, төрағасына мәслихат хатшысының орынбасары деңгейінде мәртебе берілсе, біріншіден бюджет қаржысының мақсатты пайдалануын қадағалайтын өкілетті орган тарапынан тағы да бір қосымша күш пайда болар еді.
Мәслихат хатшысының орынбасары туралы мәселе оң шешімін тапса, мәслихат хатшысы жоқ кезде аппарат қызметкері шұғыл құжатқа қол қойдыру үшін алыстағы ауданда тұратын кезекті сессияның төрағасын немесе жиі-жиі сапарларда жүретін депутат-басшы, әрі тұрақты комиссияның төрағасын іздеу машақатынан құтылар еді.
Өткен шақырылымда қолданыстағы бюджетке толықтырулар мен өзгерістер енгізуге депутаттардың келісімін алу үшін облыстық мәслихат кезектен тыс сессия шақыратынын айттым. Осы мәселеге байланысты ұсынысым, жыл басында барлық депутаттардың келісімімен бекітілген бюджетке жыл бойында бірнеше рет енгізілетін өзгерістер үшін барлық депутаттарды жинап, арнайы сессия шақырып жатпай-ақ, бюджет жөніндегі комиссияның келісімімен бекітуге рұқсат беру жөнінде Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік басқару және өзін өзі басқару туралы» Заңына өзгеріс енгізуге болар еді.
Келесі бір ой туындатып жүрген мәселе – мемлекеттік сатып алуды өткізудегі келеңсіздіктер жайы. Өздеріңізге белгілі, республикалық және облыстық бюджеттер есебінен бөлінген нысаналы трансферттер бойынша мемлекеттік сатып алуды облыс әкімі құрған, ал кейбір бағдарламалар бойынша орталықтағы министрліктер құрған комиссиялар жүзеге асырады.
Менің бұл жерде айтпағым, қандай ауқымды құрылыс болсын, оны жүргізу үшін мемлекеттік сатып алуды ұйымдастыруды жергілікті атқарушы биліктің (қала, аудан әкімдерінің) құзырымен жасақталған комиссияға сеніп, тапсырылып, бұл комиссияның құрамында кемінде 2-3 мәслихат депутаты болса. Бұл, біріншіден құрылысты елге танымал құрылыс мекемелері жүргізуіне, екіншіден бюджет қаражатының сыртқа кетпей, түсетін салықтың жергілікті жерде қалуына, үшіншіден бөлінген қаражаттың қайда пайдаланылып жатқандығы мен құрылыс нысанының сапасын қадағалауға, төртіншіден қаражат иесі, бағдарлама әкімшісі – аудан әкімінің жергілікті тұрғындар мен өкілетті органдар алдында жауапкершілігін арттыруға мүмкіншілік берер еді.
Сол сияқты, аяқталған құрылысты пайдалануға қабылдайтын мемлекеттік комиссияның құрамына да міндетті түрде депутаттар енгізілсе, сапасыз құрылысты пайдалануға қабылдауға жол беруге тосқауыл болар еді.
Мәслихаттар халықтың қалауын білдіретін жергілікті мемлекеттік басқару және өзін өзі басқарудың маңызды бөлігі. Сондықтан да сөз соңында облыстың барша жұртшылығын Қазақстан мәслихаттарының құрылғанына 20 жыл толу мерекесімен құттықтаймын. Қазіргі таңда осы айтулы мерекені республика көлемінде атап өту жөніндегі іс-шаралар жоспары бекітілді. Облыс, қала, аудан көлемінде де біршама шаралар өткізіледі. Алғашқы қалыптасқан жылдарына қарағанда, соңғы заңнамалық өзгерістерге сай рөлі біршама күшейтілген мәслихаттарды ел игілігі үшін атқарылар мәнді де мазмұнды жұмыстар күтуде. Мемлекет басшысы атап өткендей, «Қазіргі буынның маңдайына тәуелсіздіктің туын тігу бақыты мен оны нығайтып, баянды ету міндеті қатар жазылды».
Бұл міндеттерді абыроймен атқару – әрбір азаматтың қасиетті парызы. Билік тармақтарының алдында тұрған ең басты мақсат – мемлекетімізді одан әрі нығайту, Қазақстанды «Мәңгілік Ел» ету. Ендеше, бірлігіміз бекем, тірлігіміз түзу болып, тәуелсіз еліміздің абыройы асқақтай берсін.
Бағлан ҚАРАШОЛАҚОВ,
Жамбыл облыстық мәслихатының хатшысы.
ТАРАЗ.

Балаларына вакцина салғызудан бас тартатындар көбейді: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:55
Елімізде дәрі-дәрмек бағасы қымбаттады және тапшылық байқалуда: Себебі неде?
Қоғам • Бүгін, 16:52
Аймақтар • Бүгін, 16:42
Қостанайда ауылшаруашылық техникаларының көрмесі өтті
Аймақтар • Бүгін, 16:30
Astana Team командасы Канададағы халықаралық турнирдің жеңімпазы атанды
Хоккей • Бүгін, 16:25
Нашар тұрмыс теңсіздіктен туындайды
Экономика • Бүгін, 16:11
«Атырау» футбол клубы қанша теңгеге сатылуы мүмкін?
Спорт • Бүгін, 16:10
Михаил Шайдоров жалақысы туралы мәлімдеген Спорт министрлігіне ренішін білдірді
Спорт • Бүгін, 16:01
AERC: Жаңа үйлердің бағасы қымбаттауы мүмкін
Қоғам • Бүгін, 15:47
2025 жылы 83 ауыл жойылды: Елді мекендердің ертеңгі тағдыры қандай?
Ауыл • Бүгін, 15:30
Спортшылар мен өнер майталмандары Ата заң жобасын қолдауға шақырды
Ата заң • Бүгін, 15:23
LRT-ға кассирлер керек: CTS компаниясы үміткерлерге қандай талап қойып отыр?
Қоғам • Бүгін, 15:18
Президент Air Astana компаниясының бас атқарушы директорын қабылдады
Президент • Бүгін, 15:08
Мемлекет басшысы Astana Team балалар хоккей командасын жеңіске жетуімен құттықтады
Президент • Бүгін, 15:05