Қазақстан • 22 Қыркүйек, 2021

Мажарстан Елшісі Қазақстандағы миссиясын аяқтады

1 мин
оқу үшін

Қазақстан Сыртқы істер министрінің орынбасары Ерлан Әлімбаев еліміздегі дипломатиялық миссиясының аяқталуына байланысты Мажарстанның Елшісі Михай Галошфаимен кездесті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Мажарстан Елшісі Қазақстандағы миссиясын аяқтады

Е.Әлімбаев қазақ-мажар стратегиялық ынтымақтастығының қазіргі ахуалы мен келешегіне жоғары баға беріп, Қазақстан тарапының оны екіжақты негізде де, халықаралық аренада да одан әрі нығайтуға мүдделілігін білдірді.

Министрдің орынбасары М.Галошфайдың екі ел арасындағы саяси, сауда-экономикалық және мәдени ынтымақтастықты дамытуға қосқан елеулі үлесін атап өтіп, оған ҚР СІМ Құрмет грамотасын табыс етті.

Өз кезегінде, Мажарстан Елшісі еліміздегі дипломатиялық миссиясы барысында тұрақты қолдау көрсеткені үшін Қазақстан Үкіметіне шынайы ризашылығын білдірді.

Соңғы жаңалықтар

Уылжыған іңкәр сезім

Тұлға • Бүгін, 08:35

Мұхит баба ізімен

Тағзым • Бүгін, 08:25

Ауылдың ырысы ортаймайды

Ауыл • Бүгін, 08:10

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 07:50

Табыс тапсаң, «Таудай бол»!

Кәсіпкер • Бүгін, 07:30

Тыңайтқыш алудың ыңғайлы тәсілі

Шаруашылық • Бүгін, 07:20