Футбол • 22 Қыркүйек, 2021

Футболдан Қазақстан кубогы: «Астана» жартылай финалға шықты

495 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Футболдан Қазақстан кубогының жартылай финалына шыққан алғашқы команда анықталды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Футболдан Қазақстан кубогы: «Астана» жартылай финалға шықты

Елордалық «Астана» сырт алаңда Ақтаудың «Каспий» командасымен кездесті.

Алаң иелері қатарынан 2-минутта Алексей Залеский қызыл қағаз алып, алаңнан қуылған еді. Соған қарамастан ақтаулық команда ойыншылары тоқсан минут бойы азулы қарсыласына төтеп бере білді.

Кездесу овертаймға ұласты. Овертаймның 116-минутында елордалық Исламбек Қуат қақпаны дәл көздеді.

Екі команда арасындағы алғашқы кездесуде 3:3 есебімен түскен болатын.

Ал «Тараз» өз алаңында Қарағандының «Шахтерімен» алғашқы кездесуінде 0:0 есебімен тең түсті. Бұл кездесу қарағандылық ұжымның еурокубок ойындарына қатысуына байланысты 21 тамыздан бүгінге шегерілген еді.

Екі команда енді 27 қазанда қарымта ойын өткізеді. Сондай себептермен дәл қазір Алматыда «Қайрат» пен Қызылорданың «Қайсары» алғашқы ойынын өткізуде.

Ал Қостанайда «Тобыл» мен Петропавлдың «Қызылжары» қарымта кездесуге шықты. Алғашқы ойында «Тобыл» 1:0 еесбімен жеңіске жетті.