Ресей Олимпиялық комитетінің президенті осылай деді
Кеше Ресей Олимпиялық комитетінің президенті Александр Жуков Сочидегі барлық нысандардың 2014 жылғы Ойындарды қабылдап, бастап кетуге толық дайындық сапына қойылғанын баян етті. «Барлық нысандар дайын тұр, олардың басым көпшілігінде халықаралық тестілік жарыстары өтіп те қойды, – деді А.Жуков. – Оларда сынға түскен спортшылардың пікірлері өте жақсы. Қазір атлеттер қалаға қаптап келіп жатыр. Олай болса, біз олимпиадашыларды қабылдауға толық әзірміз. Мен бұл Ойындарда нағыз адал спорттық бәсекенің бәсі биіктеп, шынайы жүйріктердің жарыс көшінің басынан табылатындарына кәміл сенемін. Сайысқа қатысушылардың өздері осыдан орасан зор рақат сезімін алатындары анық». Еске сала кетейік, Олимпиаданың ашылу салтанаты алдағы жұма күні Мәскеу уақытымен 20 сағат 14 минутта (Астанада – 22 сағат 14 минут) басталады.Ата заң • Бүгін, 08:15
Аймақтар • Бүгін, 08:10
Мал шаруашылығын өрістетуге қолайлы өңір
Саясат • Бүгін, 08:05
Парламенттік дипломатия: Қазақ-өзбек зиялыларының форумына ұйытқы болды
Саясат • Бүгін, 08:00
Экономикалық әріптестік нығая береді
Саясат • Бүгін, 07:58
Пікір • Бүгін, 07:55
Бірлескен бастамаларды жүзеге асыруға мүдделі
Саясат • Бүгін, 07:53
Ғылым қоғамға қызмет етуі керек
Пікір • Бүгін, 07:50
Қасым-Жомарт Тоқаев: Адамзаттың барлық жетістігі – ғалымдардың зияткерлік еңбегінің жемісі
Президент • Бүгін, 07:45
Қоғам • Кеше
Қазақстан IT-қызметтердің экспортынан 1 млрд доллардан астам табыс тапты
Технология • Кеше