Елорда • 23 Қыркүйек, 2021

Елордада қала маңына қатынайтын жаңа бағдар іске қосылады

217 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елордада «Лесная поляна» елді мекені – Назарбаев Университеті» бағытында қала маңына қатынайтын жаңа маршрут іске қосылады, деп хабарлайды Egemen.kz Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада қала маңына қатынайтын жаңа бағдар іске қосылады

25 қыркүйектен бастап Қосшы қаласы тұрғындарының өтініші бойынша «Лесная поляна» елді мекені – Назарбаев Университеті» қатынасындағы №323 қала маңына қатынайтын жаңа маршрут іске қосылады.

Маршруттың қозғалысы «ЭКО-Маркет «Минимаркеті» аялдамасынан басталады, ары қарай Қарқаралы тасжолы – Қабанбай батыр даңғылының бойы, ал соңғы пункт – «Назарбаев Университеті».

Жаңа бағыттағы автобустар аптаның барлық күні қатынайтын болады, бұл Қосшы қаласының қоғамдық көлігінің жұмысын жеңілдетуге мүмкіндік береді.

Жолаушылар қоғамдық көлікте маска режимін сақтауды ұмытпауы керек. Автобусқа бетпердесіз кіруге тыйым салынады. Жолақысы қолма-қол ақшасыз жүзеге асырылады.