Аймақтар • 23 Қыркүйек, 2021

Павлодарда 5 жасар баладан «ЕТА» штамы анықталды

358 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Павлодарда 5 жасар баладан коронавирустың нигериялық «ЕТА» штамы анықталды. Бұл туралы онлайн баспасөз жиынында облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Айдар Сейітқазинов мәлім етті, деп хабарлайды Egemen.kz.

Павлодарда 5 жасар баладан «ЕТА» штамы анықталды

«Павлодарда бір отбасындағы баладан сараптама алынды. Мұндай жағдайда таңдап бір адамнан сараптама алынады. 2016 жылы туған баладан КВИ-дің нигериялық «ЕТА» штамы анықталды. Ол отбасының барлық мүшесі бұл штаммен ауырып, жазылып шыққан», деді деді Айдар Сейітқазинов.

Басқарма басшысының айтуынша, бұл жағдай тамыз айында болған. Қазір баланың жағдайы жақсы, отбасы мүшелері өздерін жақсы сезінеді.

«Ол кезде Алматыға 5 сараптама жіберілді. Оның біреуінен нигериялық штамм, үшеуінен «Дельта» штамы анықталды», деді Айдар Сейітқазинов.

Айта кетейік, қазіргі уақытта өңірде КВИ жұқтырған 943 адам ауруханада ем қабылдауда. Реанимациялық орындарда 82 адам жатыр. Сондай-ақ бүгінде КВИ анықталған 205 бала бар. 53 бала ауруханада емделуде.